29 Қаңтар, 2015

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығы  №313 

282 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2014 жылғы 23 маусым, Астана қаласы Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын тіркеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар жою департаменті (Д.Ж. Сатылғанов) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр В.БОЖКО. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 313 бұйрығымен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидалары 1. Осы авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) меншік нысанына қарамастан Қазақстан Респубикасындағы авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу тәртібін айқындайды. 2. Барлық авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары (бұдан әрі – АҚҚ) бастапқы аттестаттаудан өткеннен кейін және оларға авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік бергеннен кейін міндетті тіркеуге жатады. 3. АҚҚ-ны тіркеуді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – Департамент) белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 4. Тіркеу Қазақстан Республикасының тиісті облыстарында АҚҚ туралы деректерді қалыптастыру мақсатында АҚҚ-ны авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік берген күннен бастап, он күнтізбелік күн ішінде Департаментте тіркеу есебіне қоюға арналған. 5. АҚҚ туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында Департаменттің тиісті құрылымдық бөлімшелері осы Қағидаға 1 және 2- қосымшаға сәйкес электрондық және қағаз түрінде жеке тізілім (бұдан әрі – тізілімдер) жүргізеді. 6. Тізілмдер журнал түрінде болады. Тізілімдердің бір бетіне тек бір АҚҚ туралы мәлімет енгізіледі. Бір бетке екі және одан көп АҚҚ туралы мәліметті енгізуге жол берілмейді. 7. Беттердің нөмірлері толассыз болып табылады. 8. Тізілімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Іс жүргізу бірыңғай мемлекеттік тілде жүргізілетін департаменттерде тізілімдерді жүргізу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. 9. АҚҚ орналасқан орнын ауыстыру, қайта бейіндеу немесе жою кезінде АҚҚ басшысы үш жұмыс күні ішінде Департаментке ақпарат береді. Бұл ретте АҚҚ басшысы тиісті өзгертулерді растайтын құжаттардың көшірмелерін Департаментке ұсынады. 10. АҚҚ-ны тіркеуден шығару авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәліктің күші жойылған, АҚҚ қайта бейіндеу және жою жағдайларында жүзеге асырылады. 11. АҚҚ-ны тіркеуге қою және одан шығару Департаменттің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрығымен ресімделеді. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидаларына 1-қосымша Нысан Тізілім (электрондық түрде жүргізіледі) р/с № Тіркеу нөмірі Құралымның атауы Жүргізілетін жұмыстың негізгі түрлері Заңды мекенжайы, телефон Басшының Т.А.Ә., телефон Куәліктің нөмірі және берілген күні Саны Күні Тіркеуден шығару күні жеке құрам техника, жүзу құралдары және басқа жабдықтар аттеста-ттаудан өткен келесі аттестат-тау 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Тізілім (қағаз түрінде түрде жүргізіледі) р/с № Тіркеу нөмірі Құралым-ның атауы Жүргізілетін жұмыстың негізгі түрлері Заңды мекен-жайы, телефон Басшы-ның Т.А.Ә., телефон Тіркеуге ар-налған негіз, куәлік нөмірі Жеке құрам саны Техника саны Ес-керт-пе 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 21 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9601 болып енгізілді.